Алланың берген жасын жасап, осылай кеңпейіліңізбен Қазақстанда көркейіп жаңара беріңіз!
Халық әртісі Мақпал Жүнісова тыңдарманынан жылы сөз естіп, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әнші “Хабар” арнасындағы “Оян” бағдарламасында қонақ болды.
“Мақпалды көргеніме қуаныштымын. Құдай қаласа жаңа жылда жаңа табысқа жетіп, қызыңыздың қызығын көріңіз. Той болсын. Әрдайым осылай жайнап жүре беріңіз. Алланың берген жасын жасап, осылай кеңпейіліңізбен Қазақстанда көркейіп жаңара беріңіз. Сізді өмір бақи жақсы көремін. Әндеріңізді сүйіп тыңдаймын. Недеген керемет қызсыз, Мақпал Жүнісова. Сіздің атыңызды естігенде жүрегім жарылады. Деніңіз сау болсын, әпке", – деді көрермен.
Халық әртісі бейтаныс келіншектің ықыласына риза болып жылап жіберді.
“Бәрімізді жылатты-ау. Енді қуаныштан жылаңыз. Шымкент қаласында тұрады екен. Мен Шымкентке көп барамын. Қатты риза болып отырмын. Сыйлық жасағым келіп отыр”, – деді Мақпал Жүнісова.