Бастысы – адам болсын, адал болсын!
Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы тұңғыш ұлының ер жеткенін айтты, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.
Тележүргізуші үлкен ұлының қызбен кездесіп жүргенін айтты.
«Үлкен бала демалысқа келген. Ұйықтап жатқанда басында жатқан телефонды алып қояйын деп жақындасам, экранының бетінде бір қызбен гүл ұстап фотоға түсіпті. Жігіт болып өсіп келе жатқанына қуандым ғой. Бірақ неге мен емес деген ой жылт ете қалды. Мен кейін сонда қызғаншақ ене болуым мүмкін ғой, иә», – деп жазды журналист.
Айта кетейік, Ләйлә Сұлтанқызының ұлы Нидерландыдан оралған еді.
«Бүгін төр сенікі, балам! Үш ай жырақта жүріп, есейгені кәдімгідей байқалады. Екінші – Қайрат. Әкесінен дарыған мінезі ме деп қоямын, 17 шаршы метр жатақханасының бөлмесін айнадай қылып, тамағын өзі дайындап, таза киініп жүргені ұқсайды. Бастысы – адам болсын, адал болсын! Сағадат оқудан демалысқа келіп, көзайым болып жатқан жайымыз бар», – деген еді Ләйлә Сұлтанқызы.