$ 530.24  543.97  5.16

«Әже боп ояндым»: Роза Әлқожаның тұңғыш немересі дүниеге келді (ФОТО)

Ақ халатты аяулы жандарға алғыс!

Фото: instagram.com/ roza_alqozha
Фото: instagram.com/ roza_alqozha

Отандық эстрада жұлдызы Роза Әлқожаның тұңғыш немересі дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші желідегі оқырманға әже атанғанын қуана хабарлады. Ол немересінің жарық дүниеге келуіне көмектескен жандарға алғыс білдірді.

«Қайырлы күн! Әже боп ояндым, шүкір! 3-перзентхананың барлық қызметкеріне рақмет! Ақ халатты аяулы жандарға алғыс!», - деп жазды ол.

Мұны көрген көпшілік эстрада жұлдызын құттықтап, ақ тілегін жеткізді.

"Бауы берік болсын", "Немереңіздің жасы ұзақ болсын", "Әже болғаныңыз құтты болсын", "Әже деген жақсы ғой, немере тәтті", "Дені сау болсын", "Артынан ілесе берсін", "Бізге де жұғысты болсын", - деп жазды жұрт.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары