$ 530.24  543.97  5.16

Жедел жәрдем шақыруға 35 мың теңге төледім, біздің елде төлесең ғана жақсы қарай ма? – блогер

Олар немқұрайлы қарап, дым білмейді де, қалай-болса солай қарады да кетіп қалды.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Танымал блогер Сәбина Мовлаева анасы ауырып қалып, жедел жәрдем қызметіне қатысты ойын жеткізді, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Оның жазуынша, ол анасы ауырғанда жедел жәрдем шақыру үшін ақша төлеген. Бұл туралы ол әлеуметтік парақшасында жазды.

«Түнгі 3-те анам ауырып қалды. Қазір жедел жәрдем қызметі тегін және ақылы болып бөлінеді екен. Бірінші тегін жедел жәрдем келген кезде, олар немқұрайлы қарап, дым білмейді де, қалай-болса солай қарады да кетіп қалды. Кейін ақылы жедел жәрдем шақырттым. Шақыруына 35 000 теңге төледім. Олар енді барлық жағдайын жасап, ауруханаға алып кетті. Бүгін операция жасайын деп жатыр. Біздің елде тек ақша төлесең ғана жақсы қарай ма, сонда? Мен осыны түсінбеймін», — деді блогер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары