Ұнайды маған шаштарың, талғамың, ойың, күлгенің…
Белгілі әнші, актриса Ақбота Нұрабайқызы әнші Әділет Жауғашармен көзге түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Шуақты күн бе едің, гүл ме едің, әлде білмедім?! Ұнайды маған шаштарың, талғамың, ойың, күлгенің», - деп жазба қалдырды әнші жігіт.
Өнер иесінің бұл жазбасы бірден оқырмандарға түрлі ой салды. Қалың көпшілік жұлдыздардың арасында сезім бар деп болжауға кірісті.
"Әдемі жарасып тұрған сияқты. Жақсы жұп шығар еді", "Екеуінің видеосы көп шығып жатыр. Араларында сезім бар сияқты", "Екеуінің арасында не бар? Кім біледі?", "Екеуі кездесіп жүр ме?", "Бақытты болыңдар", "Әдемі жарасып тұр. Фильмде ғана емес, өмірде де қол ұстасып жүрсе таңғалмаймын", - деп жазуда оқырмандар.