Жас көрінетін композитордың биіне жұрт тәнті болды
Қазақстанның халық әртісі, белгілі композитор Алтынбек Қоразбаев 77 жасқа толуына орай шәкірттерімен бірге би билеп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
1 ақпан күні туған күнін атап өткен өнер иесі Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев және Тоқтар Серіков сынды шәкірттерімен бірге би билеп, мерекелік кештің сәнін келтірді.
Желі қолданушылары «Керемет! 77 жаста деп айтпас едің, жас көрінеді», «Талантты шәкірттерімен бірге көңіл көтеріп жатыр», «Өнер адамдарының жаны да, жүрегі де қартаймайды» деп пікір қалдырды.
Бұл көрініс композитордың шығармашылыққа деген сүйіспеншілігі мен өмірге деген құштарлығын тағы бір мәрте дәлелдеді.