$ 510.49  527.29  5.27

«Құтырады екен»: Әнші Шаһизада халықты алаңдатып қойды (ВИДЕО)

"Ауырғанда ештеңенің қажеті жоқ" дейміз ғой, бірақ, бала-шағаң өзіңе қарап отырса, жай отыра алмайды екенсің.

Фото: instagram.com/shahizada.art
Фото: instagram.com/shahizada.art

Әнші, ҚР Мәдениет қайраткері Шаһизада денсаулығына қатысты оқырмандарына көңіл толмаушылығын білдірді. Ол соңғы 10 жылда белі мен омыртқасы ауырғанын айтып, бұл жағдайды бастапқыда мән бермегенін жасырмады, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

“Өзіңді күтпесең, болмайды екен. Мен шауып жүре бергем, содан белім, омыртқаларым ауыра бастады. Негізі бұрыннан келе жатқан сырқат екен, мен өзімді күтпегенмін. "Ештеңе етпейді" деп спортқа барып, витаминдерімді ішіп жүре беріппін. 10 жылдан бері ауырып жүр. Кейде өзінен-өзі қойып кететін. Мән бермейтінмін. Қыста вирустан қатты ауырғанмын, сол кезде бар ауруың құтырады екен. Қазір денсаулығыммен осындай жағдай болып жатыр. Сол жақтағы бүйрек те онша емес. Қан қысымы кішкене көтерілген.

Ауырғанда ештеңенің қажеті жоқ дейміз ғой, бірақ, бала-шағаң өзіңе қарап отырса, жай отыра алмайды екенсің. Емделіп жүріп, бір ойым балаларымда. Ертеңге қалдырма, денсаулықтарыңызды күтіңіздер! Бай-қуатты болыңыздар!", – деді Шаһизада.

Сонымен қатар өнер иесі сыртқатының емін тапқанын да айтты. Күнделікті алма, сәбіз, қызылшадан жасалған сусынды ішетінін көрсетті.

“Бұл енді бауырға да, бәріне де ем. Кешке тамақ ішпеймін, өйткені салмақ қосқанның кесірінен менің белім қазір ауырып жүр", – деді әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары