Тележүргізушінің айтуынша, ұлы өзін асырай алатындай есейіп, ер жеткен.
Танымал тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы үлкен ұлы Сардардың шетелге сапары туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тележүргізушінің айтуынша, ұлы өзін асырай алатындай есейіп, ер жеткен.
«Армияға барып келгендей болды енді, ашығын айтайын. 2023 жылы Англияға барды. Екі-үш аптада балам өз бетімен іс істей алатын болған. Өз киімін өзі жуады. Өз нанын өзі табады», - дейді Ләйлә Сұлтанқызы.