Мен қазақшадан жаман шаршадым, шын айтайын.
Белгілі шоумен, әзілкеш, асаба Қанат Әлжаппаров тойда қонағына «ағылшынша тілек айтшы» деп көпшілікті елең еткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол той қонағы мектепте жұмыс істейтін ағылшын мұғалімі болғандықтан әзілдеп, ағылшынша сөйлеуін өтінген.
«Ағылшынша тілек айтшы. Мен қазақшадан жаман шаршадым, шын айтайын. Ағылшын тілінің мұғалімі Бағым қарындасымыз тілек айтады», – деген желіде тараған видеода әзілкеш.
Артынша ол қонақтың құлағына сыбырлап айтқанын дүйім жұртқа жариялап, «диплом сатып алғанмын, білмеймін» деді деп әзілдей жөнелді.