Бұл ұсыныс оған гастрольдік сапарда жүргенде жасалған. Бастықтың айтқанына көнбегені үшін жазаланған.
«Тамаша» ойын-сауық отауының әртісі Гүлжан Қалыбаева өзіне бастығының сорақы ұсынысын жайып салды. Көпшілікке «көккөз» деген атпен танымал әртіске көңілдес болу жайлы талап қойлыған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол басынан өткен ауыр жағдайды журналист Аман Тасығанға айтып берді. Тіптен көңілдес болуға көнбеген соң өзін иен далаға Тамашаның бастығы тастап та кеткен.
«Маған «Тамашаның» бастығы біртүрлі ұсыныс жасады. «Бүкіл басты рөлдер сенікі болады, «Тамашаның» басты кейіпкері боласың, егер…» деп көңілдесі болуға ұсыныс жасады», — дейді Қалыбаева.
Бұл ұсыныс оған гастрольдік сапарда жүргенде жасалған. Бастықтың айтқанына көнбегені үшін жазаланған.
«Мен «әкемнен жасыңыз үлкен адамсыз, болмайды» кешіріңіз» дедім, ол олай болса «көзіңді құрт» деді. Қай жер екені есімде жоқ, гастрольдік сапарда барып тұрып, мені алып тастады да, айдалада көліктен түсіріп, «пошла вон» деп тастап кетті. Танымайтын кісіден қарыз алып, таксимен Алматыға әрең жеттім. Міне, содан кейін «Тамашадан» кеттім»,- деді актриса Гүлжан Қалыбаева.
Сондай-ақ, ол өзін күйеуінің үнемі қол жұмсап, ұрғанын, қорыққанынан арақ ішкенін де ашық айтты.
«Күйеуім өте қатал адам болды, марқұм. Ол маған бір жерде минут қалуға рұқсат бермейтін. Мен оған екі минут сайын звандап тұратынмын. Сөздің шыны керек, мен сол Төлегеннен қорыққаннан спиртной іштім, сонда ол маған қарайтын да, қызық көретін де маған қол тигізбейтін», -деді Қалыбаева.