Ол бейнежазбадан абысындарымен бірге қолына оқтау алып, жайма жайып жатқанын көре аламыз.
Танымал тележүргізуші, журналист, блогер, продюсер Динара Сәтжан тұрмыс құрды. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында келіндік қызметін қалай атқарып жатқанын көрсетті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тележүргізуші видео жүктеп, Шымкент маңындағы Сарыағаш қаласында жүргенін жазды.
Ол бейнежазбадан абысындарымен қолына оқтау алып, бірге жайма жайып жатқанын көре аламыз.
"Абысындардан мастер-класс" деп, бұл видеоны сипаттады ол.
Сонымен қатар, танымал журналист Арай Әлімхан да видео астына пікір қалдырды.
"Ал жеңгешка, құтты болсын!", - деп жазды ол .
Динара Сәтжанның оқырмандары түрлі пікір жазып, көпшілігі отбасылық бақыт тілеп жатыр.
"Сарыағаштың келіні болғаны дұрыс болған екен", "Бақытты болыңыздар", "Орамал қайда?", "Динаражан, бақытыңыз баянды болсын!", "Жарайсың, біздің келін" деп жазды олар.