Ал Дина Төреәлі бұл 22 жасында үлкен тосынсый болғанын жазып, әпкесіне алғысын жаудырды.
Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі сіңлісін туған күнінде тосынсый жасап, қуанытты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Танымал блогер сіңлісі Дина Төреәліге көлік сыйлаған. Бүл туралы ол Instagram әлеуметтік желсіндегі парақшасында хабарлады.
«Алла қалауымен сіңіліме тосынсый жасадым! Сені шын жүректен жақсы көремін. Әпкелік қамқорлығымды қабыл ал. Аллаһым тек жақсы күндерді нәсіп етсін. Ата-анамыз да осы қуанышқа тап бола қалғандарына, бұйырып келгендеріне шүкір. Бауырмалдығымыз, жанашырлығымыз арта берсін. Туған күніңмен, жаным сіңілім! Сансыз шүкіршілік. Қуанышымды айтып жеткізе алмаймын. Тіпті өзіме алсам бұлай қуанбайтын шығармын. Жаным, сен бар жақсыға лайықтысың! Жақсы күндерде, игілігіңе міне ғой», — деп жазды ол.
Ал Дина Төреәлі бұл 22 жасында үлкен тосынсый болғанын жазып, әпкесіне алғысын жаудырды.
«Дұғаларымның бірі қабыл болып, бір арманым орындалған күн болды шүкір! Бұл менің тізгінімдегі үшінші көлігім. Алғашқысын 16 жасымда ата-анам салоннан сыйлаған болатын. 18 жасымда ағам аппақ үлкен көлігін сыйлады», — дейді ол.