$ 499.11  521.12  5.58

«Адамгершілігі бір төбе»: Қыдырәлі Болман әріптесі Мақпал Жүнісоваға алғыс айтты

Өнер иесі халықаралық байқауды есіне алды. 

Фото: instagram.com/kydyrali_bolman
Фото: instagram.com/kydyrali_bolman

Танымал продюсер, әнші Қыдырәлі Болман халық әртісі Мақпал Жүнісованың өзіне жасаған жақсылығын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі халықаралық байқауды есіне алды. 

“Мақпал ханымды алғаш рет халықаралық “Азия дауысы” конкурсында көрдім. Таныса келе өзіне тән ашық-жарқын көңіліңді көтеретін ғажап күлкісін көрдім. Әнші ретінде өзі алдына бір бөлек. Адамгершілігі бір төбе. “АБК” тобының концертін ұйымдастырайын деп залмен келісіп жүргенде Мақпал ханымды көрдім. Ол кезде Заманбек ағамыз Алматы қаласының әкімі еді. Демеуші керек уақыт. Мән-жайды айттым да, Заманбек ағамызға кіргізуін өтіндім. 10 минут өтер өтпестен “16.20-да бар. Қабылдайтын болды” деді. Мен алғысымды жаудырып, әкімнің қабылдауына кірдім. Ағаның кабинетіне кіріп келсем, “Міне, өзі де келді. Көмектесемін, әрине” деп жатты. Ол кісі бірден қолдады. Сол жолы адам сыймай керемет концерт өткен еді”, – деп еске алды продюсер.  

Еске салайық, танымал журналист Қыдырәлі Болманның кезінде көлік салығын төлемей жүргенін айтқан еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары