“Халал әзіл деп отырған шығар”.
Juzzefina лақап атымен танылған блогер Жұлдыз Жауынбаева енді Ораза туралы видео жариялап, тағы да сынның астында қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Блогер ауызашарға асығатын адамдардың іс-әрекетін әзілге арқау етіп, әріптестерімен бірге видео жариялаған еді. Алайда халық блогердің әрекетін қатаң сынады.
“Орамалды қалай болса тағып, оразаны күлкіге айналдырды”, “Жастардың приколы бітпейді”, “Парақшасын жапқызып тастау керек”, “Халал әзіл деп отырған шығар”, “Миллион қаралым жинаймын десеңдер, одан да көп видео түсіруге болады” “Оразаны ойынға айналдырды”, – деп жазды көпшілік.