$ 505.15  550.31  5.89

«Құны 7 миллион теңге»: Блогер Дархан Жолшыбеков әйеліне қымбат сый жасады (ВИДЕО)

Ең қымбат қонақ үйден нөмер алып, қуантамын.

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Танымал қазақстандық блогер Дархан Жолшыбеков әйелі Дариға Нүкееваға ерекше сыйлық алғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Блогер үйленуге ұсыныс жасағанда әйеліне арзан жүзік сыйлағанын жасырмады. 

“Дариды қымбат тосынсый күтіп тұр. Үйленуге ұсыныс жасағанда ақшам болмады. Қазіргі тағып жүрген жүзігін 100 мың теңгеге сатып алған едік. Ол кезде шынымен де ақшам аз болды. Осы күнге дейін алдап келдім. Дари сақинаның бағасын 800 мың теңге деп ойлап жүр. Сақинаның бетіндегі гауһартас емес. Осы жолы құны 7 миллион теңге тұратын гауһартасты жүзікті сыйлаймын. Ең қымбат қонақ үйден нөмер алып, қуантамын”, – деді Дархан Жолшыбеков. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 4
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары