$ 518.57  566.59  6.05

«Ашу сезімі баршаңызға таныс шығар»: Актер Серік Шәріп шулы оқиғаға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

Ол өз сөзін "мен зорлық-зомбылыққа қарсымын" деп бастады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Актер Серік Шәріп кешегі болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол instagram парақшасында видео жүктеп, кінәсін мойындады. 

Ол өз сөзін "мен зорлық-зомбылыққа қарсымын" деп бастады.

"Өкінішке қарай кешегі видеодан менің Әлия Бутееваны лифтіден жұлқып шығарғанымды көрдіңіздер. Мен бұл әрекетімді жоққа шығармаймын. Мен қателік жасадым. Мен заң алдында жауап беріп, тиісті жазаны алуға дайынмын. Ұрыс кезіндегі ашу сезімі баршаңызға таныс шығар. Менің қателігімді қайталап, қол көтермеңіздер! Мен оның бетінен шапалақпен ұрғаным үшін Әлия Бутеевадан, оның отбасынан кешірім сұраймын", - деді актер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары