09.04.2025, 16:40

«Қоянбаев идеологиялық қате жіберді»: Журналист танымал актердің «сауатсыз» сөзін сынады (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

"Қу тақырда отырмыз, деп айтатындар мен үшін таза қараңғы, надан адамдар".

Журналист, тележүргізуші Азамат Әбілқайыр TikTok парақшасында қоғам арасында тарап кеткен қате сөзді айтып, өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, Нұрлан Қоянбаев идеологиялық қате жіберді. 

"Бабаларымыз неліктен теңізбен шектесетін жерлерді жауламаға? Қу тақырда отырмыз, деп айтатындар мен үшін таза қараңғы, надан адамдар. Мысалы Нұрлан Қоянбаев есімді әзілкеш киносына да соны кіргізіп жіберген. Бұл нағыз қате идеологиялық бағыт. Біріншіден, сіз туризмді дамытпай осы жерде отырсаңыз, оған батыр бабаларымыздың кінәсі жоқ. Туризмді дамытпау сіз бен біздің кінәміз. Мұхитпен шектеспейміз деген әңгімелерді айту - кесірлік. Екіншіден, біз өткен шаққа орала алмаймыз. Бұл жер біздің қазіргі бағымыз. Жер көлемі бойынша 9-орында тұрмыз, оны дұрыс пайдалану, пайдаланбау бүгінгі күннің проблемасы. Қу тақыр жерді Израиль гүлдетіп отыр. Сондықтан Нұрлан Қоянбаев болсын, басқа болсын өте қате пікірде. Шетелді 1-2 рет көргеннен кейінгі тәлпіштік, тайыздық. Мәселе осындай жерді пайдалана алмай жатқандығымызда", - деді ол.