10.04.2025, 06:30

«Жаңаөзеннің қызы, руы адай»: Сәкен Майғазиевтің болашақ келінінің кім екені белгілі болды (ВИДЕО)

Фото: https://www.tiktok.com/@adiyamaulen

Енемен тұруға қатысты көзқарасым – бейтарап. 

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы шаңырақ көтермек. Өнер иесінің болашақ келіні желіде өзін таныстырып, оқырмандарымен сырласты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Әділетпен араласып жүргенімізге 9 ай болады. Бір-бірімізді 3-4 жылдан бері танимыз. Жасым 20-да. Жас айырмашылығымыз – 6 жас. Жаңаөзенде туғанмын. Кейін Ақтау қаласына көштік. Қазір Алматыда тұрып жатырмыз. Мамандығым – қонақүй бизнесі. Колледж бітіргенмін. Болашақта ЖОО-ға түскім келеді. Енемен тұруға қатысты көзқарасым – бейтарап. Маған көп адам болып шай ішкен ұнайды. Өзімнің де інім бар. Сондықтан ене тақырыбын жақсы түсінемін”, – деді Әдия Мәулен.   

Желі қолданушыларына күйеу жігіттің оранған қызға таңдауы түскені ұнамаған. Олар түрлі сыни пікірлерін жаудырып жатыр.