"Әулетіміздегі алғашқы той".
Мирас пен Құралай қыздарын ұзатып, дүркіретіп той жасап жатқандарын желідегі парақшаларына бөлісті, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мирас пен Құралайдың Кәмшат есімді қыздарының ұзату тойы өтті. Жұлдызды жұп тұңғыш қыздарын 4 жыл күткен. Аталған кеште Сәкен Майғазиев, Жанболат пен Жазира, Жанар Айжанова, Жеңіс Ысқақова сынды эстрада жұлдыздары да бой көрсетті. Тойды белгілі тележүргізушілер Берік Көшербекұлы және Мая Веронская жүргізген.
«Бүгін біз үшін ерекше күн. Әулетіміздегі алғашқы тойымызды өткізіп жатырмыз. Қызымыз Кәмшатты ұясынан ұшырып жатырмыз. Кәмшатымызға тек бақыт тілейміз», - деді Мирас.
Сондай-ақ, видеода Мирастың қызын өз әнімен той төріне алып шығып, ал анасы Құралайдың сәукелесін кигізіп ұзатқанын көруге болады. Той иелеріне әнші Роза Рымбаева ерекше құрмет көрсетіп, көпшілік алдында қымбат әшекей сыйлады.