10.04.2025, 13:00

«Дәрігер жазбағанды жүзігім жазды»: Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің амалын тапты (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/zhanar_aizhanova

"Алты айдан бері тағып жүрмін".

Танымал әнші Жанар Айжанова саусағын сындырып алғанда өзі емдеп жазғанын айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі сынған саусағын дәрігерлердің емдей алмағанын көрсетті. 

“Былтыр саусағым сынды. Соған гипстен соғылған күміс жүзікті тағып алдым. Арнайы зергерге барып, жасаттым. Негізі бұл – оймақ пен шошақ жүзік. Сынған сүйектерді емдейді екен. Ата-бабамыздың даналығында сөз жоқ. Алты айдан бері тағып жүрмін. Сүйектері орнына келіп, сіңірлері жалғаныпты. Әйтпесе осы саусақты Сызғанов емханасының хирургтары емдей алмап еді”, – деді әнші. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, таңдай қағысты. 

“Сызғанов клиникасына тек ақша керек”, “Марқұм әжем де күміс тағып жүретін”, “Жанар апай кемпірдің қызы, көп дүние біледі”, “Ата-әжелеріміз ненің пайдалы, пайдасыз екенін біліп өткен”, “Жанардың аузы ашылса, көмейінен біз білмейтін салт-дәстүр төгіледі”, – деп жазды көпшілік. 

Тегтер: жүзік