$ 514.94  583.74  6.13

«Әлі сөйлемейді»: Дильназ Ахмадиев ерекше бала тәрбиелеп отырғанын айтты (ВИДЕО)

 Аутист бала адам емес пе?!

Танымал әнші Дильназ Ахмадиева ерекше бала тәрбиелеп отырғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 Commutator Казахстан арнасына сұхбат беріп, ағынан жарылды. Өнер иесі ұлының аутист екенін жасырмады.

“Зидан бес жасқа толса да әлі сөйлемейді. Бірақ қулыққа басатыны бар. Кейде менен тамақ сұрайды. Мен таңғалып, “бұрыннан бері осылай неге сөйлемейсің десем: “Қажет болған жоқ” дейді. Бәрін түсінеді. Осы баламмен үздіксіз жұмыс істеп жатырмын. Сөйлеуінде аздап бұзылысы бар. Маған неше түрлі пікір жазады. “Балаңды емдетпесең, кейін кеш болады” деп ақыл айтатындар бар. Ұлымның диагнозын мойындап, қоғамға енуі үшін үздіксіз қадағалаймын. Коррекциялық орталықтарға барамыз. Аутист бала адам емес пе?! Қаншама ата-ана ереше балаларды тәрбиелеп отыр. Арасында тірек-қимыл апараты бұзылған, Даун балалар да бар. Олардың бәрін қоғамнан шеттете беруге бола ма?! Ұлым екеуміздің ішкі жан-дүниеміз ұқсайды”, – деді әнші. 

Сондай-ақ өнер иесі жеке өміріне қатысты да сұраққа жауап беріп, тұрмысқа шықпаған қыздарға кеңес берді. 

“Жасыңа жас қосылған сайын ақылың да көбейеді екен. Жас күніңде тұрмыс құрғанда болашақ жарыңның тиран, абьюзер секілді ұнамсыз қасиеттерін білмеуің мүмкін. Бірақ орта жасқа келгенде саналы шешім қабылдайсың. Егер сен күйеуіңнің қамқорлығын сезіне алсаң, нағыз нәзік жанды әйелге айналасың. Бірақ өнерде жүрген қыз-келіншектерге үйде отыратын әйел болу қиындау”, – деді өнер иесі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары