"Азаматтығынан айыру керек".
Белгілі блогер Жан Ахмадиев «Qazaq airan» ютуб арнасына берген сұқбатта, қазақ қыздарының өзге ұлтқа тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Оның сөзінше, шетел азаматтары қыздарымызға ғашық болғаннан үйленбейді. Олардың басты мақсаты - Қазақстанның азаматтығын алу екендігін айтады.
"Инабатты, ибалы, кәдімгі мұсылман қазақ қыздары ешқашан шетелге күйеуге тиюді ойламайды. Ол тек тәрбие көрмеген, феминист қыздар. "Ойбай, маған еркіндік керек" деген қыздардың ойлап тапқаны. Басты себебі-ақша. Оларға тек ақша керек. Өте қанағатсыз болып кеткен біздің қыздар. Ақша деп өледі. Күйеуге тиерін тиіп алып, сорлы болып, байғұс болып, қайтып келіп жатыр. Ондай қыздар қазақтың қанын бұзады. Сондықтан оларды азаматтығынан айыру керек", - деді блогер.
Сондай-ақ, Жан Ахмадиев Қазақ қыздарының қазіргі талабы жоғары екендігін де жасырмады.
"Саяхаттап жүреміз, керемет боламыз деп ойлайды. Алайда барған соң, біреудің 4-ші, 5-ші әйелі болады", - деді ол.