20.05.2025, 16:40

Әлішер Кәрімов «Қазақстанның халық әртісі» атағын иеленді (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/alisher_k

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Танымал қазақстандық әнші Әлішер Кәрімов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен мемлекеттік награда алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Каримов Алишер Шукурович – әнші, Алматы қаласы - «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілді", - деп жариялады Ақорда.

Әлішер Кәрімов - (1985 жылдың  қазан айының 28- жұлдызы күні Жамбылда, қазіргі Тараз қаласында туылған) қазақстандық эстрада әншісі, музыкант. Қазақстанды «Славян базар», «Новая волна», «Ереван шақырады» сияқты халықаралық вокалдық конкурстарда танытты. «SuperStar KZ» жобасының екінші бөлімдік бағдарламасының финалисті.