Мадлен ашық сұхбат бергісі келіп жүргенін жасырмай айтты.
Instagram желісінде Мадлен атымен танылған блогер Мадина Мамадалиева неге сұхбат бермей жүргенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Блогердің оқырмандарының бірі «сіз сондай күштісіз, сізбен өтетін подкастарды тыңдағым келеді» деп жазған.
Мадлен ашық сұхбат бергісі келіп жүргенін жасырмай айтты.
«Рахмет, иә, мен ашық әрі көлемді сұхбат бергім келеді. Алайда, оған тек 5 млн теңге ғана ұсынып отыр. Сондықтан да бармаймын. Бұл одан қымбат болу керек деп ойлаймын», - деп жазды блогер.