$ 510.19  582.79  6.46

«Әнің өзіңе» деп бетіне былш еткіздім»: Ұланғасыр Қамиев авторлармен келіспеушілк жайлы айтты

Әнші ана туралы әннің авторымен арадағы келіспеушілік жайлы да ойын жасырмады.

Фото: instagram/ulangasyrqamiev
Фото: instagram/ulangasyrqamiev

Хит әндердің орындаушысы, отандық әнші Ұланғасыр Қамиев ана туралы әнін неге айтпай кеткенін түсіндірді. Сөзінше, әнші ән авторымен сөзге келіспей қалған. Ол Jibek Joly арнасындағы "Бүгін.Live" бағдарламасына сұқбат берді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әнші ана туралы әннің авторымен арадағы келіспеушілік жайлы да ойын жасырмады.

"Ана туралы ән бар еді. Кейін концертте әннің авторын айтпай кеткенмін, бірақ жазылады ғой. Соны неге айтпай кетті деп, анау-мынау деп, қызғанды ма, білмеймін енді. Кішкене дөрекілеу сөз айтып қойыпты. Өзіме тіке емес, естідім. Содан кейін "әнің өзіңе" деп әнін бетіне былш еткіздім. Содан кейін айтпай кеттім. Ана туралы ән сол болған негізі. Содан кейін әнін өзіне қайтарып бердім. Ал патриоттық әнді тыңдайтын құлақ жоқ қазір. Жазып жатырмыз негізі. "Жалғызым қазақ" деген әннің шыққанына 3 жыл болды-ау. Ол бір жыл тыңдалмай жатты. Ешкім тыңдаған жоқ оны. Ол қашан халыққа танымал болды? Су тасқыны кезінде танымал болды. Сол кезде TikTok-қа салды. Сөйтіп танымал болып кетті. Тыңдаса қайда қалды?", – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары