Желіде бұл пікір екі түрлі қабылданды.
Әнші және актриса Меруерт Түсіпбаева белгілі продюсер Баян Алагөзованың қазақ эпосына негізделген жобалармен айналысуын орынсыз деп есептейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында айтты,деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Түсіпбаеваның айтуынша, Баян Алагөзованың қазақ тілін жетік меңгермеуі және дәстүр мен мәдениетті терең білмеуі – мұндай тарихи әрі рухани маңызды туындыларға жетекшілік ету үшін жеткіліксіз.
«Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» секілді ұлттық классикаларды түсіру жұмысына мәдениетті, дәстүрді, тілді шын мәнінде түсінетін, кәсіби білікті мамандар тартылуы керек», – деп жазды өнер иесі.
Желіде бұл пікір екі түрлі қабылданды. Бір топ қолданушы Меруерт Түсіпбаеваның пікірін қолдап, қазақ мәдениетінің тазалығын сақтау қажет десе, екінші тарап мұндай жеке сын қоғамда дау тудыруы мүмкін екенін алға тартты.