"Жүрек болған соң кейде ауырады да"...
Танымал әнші Жігер Ауыпбаев Instagram парақшасында жылап жатқан видеосын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі «Кейде сағынып кетесің...» деп жазып, жұртты ойландырып қойды.
"Жүрек болған соң кейде ауырады да... Әңгіменің байыбына бармай жатып сөкпеңіздер... Уақыт сызған бақ-белестен, Мен бе, сен бе, аттап өткен?! Біз түгілі, періште де Айта алмайды-ау,...әттең,әттең...!", - деп видео астына жазба қалдырған.
Желі қолданушылары Жігердің бұл әрекетін түсінбей, сынап тастады.
"Мұхтар Шахановтың "Жігерлендіру"өлеңі дәл сізге арналған екен. Өлеңді оқып атыңызға затыңыз сай болып жігерленіп алыңыз", "Талантты азаматсың көрсетпе көз жасыңды", "Әйел адам бекер ажыраспайды жас кезіңізде бағаламаған шығарсыз мүмкін енді есіңіз кіріп әйеліңізді балаңызды сағынып жатқан шығарсыз", "Еркек басымен жылағаны несі", - деп жазды желі қолданушылары.