$ 518.97  607.3  6.64

«Көп құтырмаңдар»: Елдос «Колобок» гендер пати өткіземін деп сынға қалды (ВИДЕО)

Сондай-ақ қанша жыл күткеніне орай дүркіретіп тойлаған жарасады деп жазып жатқандардың да қарасы көп. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Тоғыз жыл күткен сәбиінің гендер патиін дүркіретіп жасаған Елдос "Колобок" сынға қалды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған кадрлардан баланың жынысын анықтау салтанатының соңы ұлан-асар тойға ұласқан. 

"Gender Party кәдімгі үлкен той болып кетті. Жібердік биді", - деп жазды продюсер Әден Марғұлан. 

Осы тұста желі қолданушылары түрлі пікір жазып, тіл мен көзден сақтануға шақырды. 

"Көп құтырмаңдар көз тиеді. Енді туып алған соң құтырасыңдар", "Тіл-көз бар деген қазаққа жат қылық. Туылмаған баланы жуып не болды. Аман-есен қолына алған соң тойласа да болады", "Көз тимесін", "Туылмаған балаға той жасап", деп жазды олар. 

Сондай-ақ қанша жыл күткеніне орай дүркіретіп тойлаған жарасады деп жазып жатқандардың да қарасы көп. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 10
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары