Ол қызы Мерейді тезірек тұрмысқа шығуға үгіттеп, немере сүйгісі келетінін айтты.
Танымал әнші Мақпал Жүнісова журналист Дина Төлепбергенге сұхбар беріп, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол қызы Мерейді тезірек тұрмысқа шығуға үгіттеп, немере сүйгісі келетінін айтты.
"Мен енді немере сүйгім келіп жүр да. Роза Рымбаева сияқты баламды құшақтап алып. Басқаша өмір ғой. Асыға күтіп жүрмін. Соны айтсам мама мен әлі жаспын ғой дейді. 22 жасқа енді толдым. Менен құтыла алмай отырсың ба деген әңгімелер айтты. Өзім біртүрлі болып қалдым. Жоқ, құрысын жүре бер, бұйырғаны болар деп айтып қоямын", - деп өнер иесі көзіне жас алып қалды.
Дина Төлепберген оның немересінің арманы болмайтынын айтып, қалжыңдады.
Желі қолданушылары Мақпал Жүнісованың бұл ниетіне жетуін шын жүректен тіледі.
"Аллаһ Тағала шебер ғой,сізге де береді, бастысы денсаулығыңыз мықты болсын!", "Алла сол күнге жеткізсін", "Осы кісі жылап қалса менде жылаймын жаным апам", "Арманына жет қазақтың ерке қызы", - деп қолдау білдірді.