Бұл қуанышты күнді Жұлдыз Әбдукәрімова 4 баласымен ғана шағын құрамда Астанадағы мейрамханалардың бірінде атап өтті.
Актриса, блогер Жұлдыз Әбдукәрімова бесінші баласының жынысын білу үшін гендер-пати жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл қуанышты күнді Жұлдыз Әбдукәрімова 4 баласымен ғана шағын құрамда Астанадағы мейрамханалардың бірінде атап өтті.
Актрисаның айтуынша, гендер-патиді балаларының көңілін қимағандықтан ғана өткізген.
"Аса қатты гендер патиді жасағым келмеді. Бірақ, төрт құбыламның көңілін қимағандықтан у-шусыз өткізейік деп ортақ шешімге келдік. Сонымен, баланың жынысы мен Эмоцияға толы кешіміздің толық нұсқасын менің YouTube арнамнан көре аласыз", - деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.
Бесінші баласының жынысын нақты көрсетпесе де, көпшілік өз болжамдарын жазып пікір қалдырған.
Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан "қыз" деп қана қысқаша пікір жазды.
"Қыздар қуанғанына қарағанда қыз", "Қайрат қайда, мамасымен бе?","Қайрат көрінбейді", "Қыз сияқты" деп жазды оқырмандар.