Жастардың бір-біріне деген ыстық ықыласы көпшіліктің жүрегін елжіретті.
Жақында шаңырақ көтерген Ермахан Аймахан мен Раушан Құдайберген тойға дайындық барысында ерекше би билеп, желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жастардың бір-біріне деген ыстық ықыласы көпшіліктің жүрегін елжіретіп, оқырмандардан жылы пікірлер қарша жауды.
«Жастар ғой, бәрі жарасымды. Ертең еске алып күліп отыратын сәт. Бақытты болыңдар! Камерасыз кездің де қызығы бар. Өте әдемі жұп екен», – деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің жалғыз қарындасы Раушан Құдайберген театр актері Ермахан Аймаханмен отбасын құрған болатын.