Барлық у-шуға тосқауыл қойдым.
Жақында ғана бесінші перзентін өмірге әкелген актриса, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жазба жариялады, деп хабарлайды skifnews.kz ақпарат порталы.
«Қайырлы күн, жақсыларым! Жаным аман қалып, жарық дүниеге бөпемді дін аман-сау әкелгеніме шүкіршілік айтып жатырмын. Қалжаланып шілде терім де шығарып, қалпыма келіп, барлық у-шуға тосқауыл қойдым.
Әр сәтімнен ләззат алып, үйде жұмақ иісін иіскеп жатырмын», – деді актриса.
Сондай-ақ, ол босану прцесі қалай өткенін айтып, оқырмандарымен бөлісіп қойды.
"Аллаға сансыз Шүкір, бәрі өз уақытымен өтті. Сондықтан да мен отадан қаштым. Осы жолы бәрі басқаша өтті, себебі қауіп-қатер болды", деп жазды ол.