$ 537.34  623.05  6.65

«Шабуылдар басталды»: Әнші Айдана Меденова хиджаб туралы мәселе көтерді (ВИДЕО)

Әнші қоғамда желдей есіп жатқан осы әңгімеге нүкте қоюды шешкенін айтты.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Бұрынғы әнші Айдана Меденова блогерлерге хиджаб кию үшін 10-20 мың доллар төленеді деген пікірге жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші қоғамда желдей есіп жатқан осы әңгімеге нүкте қоюды шешкенін айтты. Оның сөзінше, бірқатар ақпараттық арналар, соның ішінде Airan media арнайы сюжет дайындап, аталған блогердің фотj-видеоларын өз ақпараттарына қолданған. Алайда экс-әнші әрі блогер бұл әрекеттерге ешқашан рұқсат бермегененін жеткізді. 

"Менің фото-видеоларымды пайдалануға рұқсат алған жоқсыздар. Бұл авторлық құқықты бұзу. Бұған дейін де менің абыройымды таптаған порталдарды сотқа берген тәжірибем бар. Сондықтан бұл жолы да үнсіз қалмаймын", – дейді ол.

Блогер бұл видеоның түрлі пабликтерде бір уақытта таралып кеткеніне күмәнмен қарап отыр.

"Бұл видеолардың бәрі бір мезетте тарала бастағанын байқадым. Неге дәл қазір? Бұл кімге керек? Мен ислам дінін қабылдап, жабық киінуге көшкеніме төрт жыл болды. Бұған дейін ешкімге кедергі болмаған. Енді келіп, осындай шабуылдар басталды", – деді ол.

Сондай-ақ өзінің бұрынғы өмірі мен қазіргі жағдайын тілге тиек етіп, ақша үшін дінді насихаттайды деген пікірге үзілді-кесілді қарсы екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 6
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары