$ 537.34  623.05  6.65

«Сөзім сөз»: Ерке Есмахан халыққа уәде берді

Ерке Есмахан көп ұзамай сырт келбетін 90-60-90 өлшеміне келтіріп алатынын атап өтті

фото: @erke_esmahan
фото: @erke_esmahan

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде толып кеткенін «бетіне басқан» оқырмандарына өкпелеп қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Кішкентай ғана батырым, мамасының созған жатырын. Айрақтыдағы концерттен соң желіде маған «толыпсың», «семізсің» деп жазған пікірлерді оқып қалдым. Айналайындар-ау, мен тек фигура ойлап жүретін болсам қолымдағы мына тәтті баланы кім туар еді? 2 ай бұрын босанған ананы түсініп қойыңыздар. Әр кезеңнің өз әдемілігі бар», - деп жазды әнші.

Ерке Есмахан көп ұзамай сырт келбетін 90-60-90 өлшеміне келтіріп алатынын атап өтті.

«Сөзім сөз», - деп уәде берді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары