Осылайша, Тамара Асардың пікірі қоғамда қызу талқыға түсіп, отбасыдағы теңдік пен әйелдің рөлі туралы пікірлерді қайта қозғады.
Белгілі әнші Тамара Асардың бағдарламасында айтқан сөзі жұрт арасында үлкен пікірталасқа ұласты. Ол отбасындағы ер мен әйелдің қарым-қатынасы туралы ойын білдіріп, әйелдің төзімділігі мен мейірімін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Ер адамды әйел адам артығырақ сүйіп, әділетсіздігіне де көне білу керек. Ер адам түзу жүруге тиіс емес. Қазіргі болып жатқан проблема – әйелдер әділетсіздікті қабылдай алмағандықтан туындайды», – деді Тамара Асар.
Бұл сөз көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желіде қызу талқылануда.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді:
Қолдағандар:
– «Әйел – шаңырақтың ұйытқысы, төзімділік танытпаса отбасы ұзаққа бармайды»;
– «Ер азаматты сыйлаған сайын ол да бағалайды, Тамара ханым дұрыс айтады»;
– «Бұл – өмірлік тәжірибеден алынған сөз».
Қарсы шыққандар:
– «Әділетсіздікке көне беру – әйелдің құқығын таптау»;
– «Өзін сыйламайтын адамға төзудің қажеті жоқ»;
– «Ер адам жауапкершіліктен қашпай, түзу жүруге тиіс».
Осылайша, Тамара Асардың пікірі қоғамда қызу талқыға түсіп, отбасыдағы теңдік пен әйелдің рөлі туралы пікірлерді қайта қозғады.