$ 537.63  622.52  6.69

«Адасу осыдан басталады»: Намазсыз өмір сүре алмайсың деп үгіттеген блогер даудың астында қалды (ВИДЕО)

Ал блогердің жақтастары керісінше оның діни насихатын қолдап, «Алла жүрегіне салған» деп ақтап алуда.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Әлеуметтік желіде 300 мыңға жуық оқырманы бар танымал блогер Аяқөз Аскарова халыққа ашық түрде діни үгіт жүргізіп, қоғамда үлкен пікірталас тудырды. Ол өз жазбалары мен видеоларында намазсыз өмір сүре алмайтынын айтып, жаппай адамдарды діни құлшылыққа шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алайда блогердің сөздері көпшілік арасында наразылыққа себеп болды. Пікір қалдырғандар оның «Құранда жазылмаған нәрселерді қосып айтып жатыр» деп айыптап, дінді жеке пайдасына пайдаланып отыр деген ойларын ашық білдірді. Бір бөлігі «Намаз – әркімнің жеке таңдауы, оны жарияға жар салудың қажеті жоқ» десе, енді бір бөлігі «Біреуді ақылға шақыру үшін алдымен өзің дұрыс үлгі болуың керек» деп жазды.

Кей комментаторлар блогердің бұған дейінгі өмір салтын еске алып, «Кеше ғана ашық жүрген қыз енді халыққа дін үйретіп отыр» деп сынға алды. Тіпті, «Имамдар мұндайға неге жол береді?» деп сұрақ қойғандар да болды.

Ал блогердің жақтастары керісінше оның діни насихатын қолдап, «Алла жүрегіне салған» деп ақтап алуда.

Бұл жағдай қоғамдағы діни тақырыптағы пікір қайшылығын айқын көрсетті. Бір тарап блогерді «ақиқатқа шақырушы» десе, екінші тарап «адасудың бастамасы» деп қабылдап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 8
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары