$ 537.63  622.52  6.69

«150 мың жетпей қалды»: Роза Әлқожа оқушылардың киімі қымбаттағанын айтты

Өнер иесі оқырмандарымен сырласып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. 

Фото: instagram.com/roza_alqozha
Фото: instagram.com/roza_alqozha

Танымал әнші Роза Әлқожа қызы Ясинаның мектепке дайындығын бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі оқырмандарымен сырласып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. 

“Өмір сүру деген ең қызық нәрсе, иә?! Не боларын білмейсің. Белгісіздік, бірақ алға жүре бересің. Жаратқан берерін тауыспасын. Оқушыларға киім алып үлгердіңіздер ме?! Майда-шүйде деп ала беріп, бір қызға 150 мың жетпей қалды. Сіздер қаншаға алдыңыздар?!”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары мектепке дайындықтың бағасы ұшып тұрғанын жарыса жазып жатыр. 

“2-сыныпқа көшкен жиеніме 65 мың теңге кетті”, “Бала-шаға мен немере бағып, өмірдің қалай өткенін білмей қаласың”, “Базардағы мектеп формасының бағалары ұшып тұр”, “Қазір бәрі қымбаттап кеткен”, “Үш балама 100 мың кетті. Оқу құралдарын әлі алмадық, тек киімдер ғана алдық”, – деп жазды көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары