$ 537.91  628.87  6.6

«Әр қызға гүл бергенше, әйеліне бермей ме»: Қайрат Нұртас жұртты тағы да шулатты (ВИДЕО)

"Бұнымен не айтқысы келді?"

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік желіні тағы да дүрліктірді. Бұл жолы ол сахнадағы әріптесі, әнші Назимаға бір құшақ гүл сыйлаған сәті жұрт назарына ілікті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желі қолданушыларының бір бөлігі мұны алдағы уақытта жарық көретін бейнеклиптің түсірілімінен үзінді деп болжауда. Ал енді бірі «жақында бесінші рет ана атанған жұбайына сыйлағаны орынды болар еді» деген пікір қалдырды.

– «Бұл не болғаны? Жұлдыз ба деп қуанып отырсақ»
– «Қайраттың Жұлдызға қашан гүл беретініне әлі күтіп жүрміз»
– «Ана жақта әйелі босанып жатыр, бұл болса...»
– «Әр қызға бергенше, әйеліне бермей ме» – деп жазды пікір иелері.

Кейбір жанкүйерлер Қайраттың жұбайына арнаған сыйы деп ойлап қалғанын да жасырмады.

Ал нағыз жанкүйерлердің бірі бұл жағдайды өлең жолдарымен жеткізген:

"Ауыр сөз айтылғаны бейберекет,
Жеке өмір – Қайраттың өз еркі, өз әдет.
Гүл сыйлады деп жаман ойға бармаңыз,
Назимаға әріптестік сыйластықтан ғана жет".

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары