"Мен көтеріп жүрген – анам емес, жүрегімнің қалауы".
Өнер жұлдызы Ердос Қанаев әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әнші анасына деген алғысын ерекше сөздермен жеткізді:
"Мен көтеріп жүрген – анам емес, жүрегімнің қалауы. Ана жақсылығын арқама көтеріп қайтару мүмкін емес. Бірақ бұл – анамның ақ сүтін ақтауға деген талпынысым, Алланың разылығына ұмтылысым ғана."
Ол сондай-ақ отбасындағы тәрбиенің әке өнегесімен де тығыз байланысты екенін атап өтті:
"Мен ғана емес, біздің үйде әкем де анама ерекше құрметпен қарайтын. Бірде анашым қатты ауырып, отаға мұқтаж болғанда, әкем қасына келіп: «Алла өміріңді ұзақ әрі берекелі етсін, әрдайым біздің басымыздан жоғары болып жүре бер» – деп дұға етті де, сел қозғағандай қатты жылады. Бұл сәт мен үшін адалдықтың ең үлкен сабағы болды."