$ 549.15  643.88  6.71

«Енемді өз анамдай көремін»: Мөлдір Мұқанова қандай келін болғанын еске алды (ВИДЕО)

"Ақ босағаны аттаған сәттен бастап өзіме сөз бердім".

Фото: Instagram/moldir.mt
Фото: Instagram/moldir.mt

Әншілікке қадам басып жүрген Мөлдір Мұқанова енесімен қарым-қатынасы туралы бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, келін болып түскен күннен бастап ене мен келін арасында жиі кездесетін түсініспеушіліктерге жол бермеуді өзіне мақсат еткен.

«Ақ босағаны аттаған сәттен бастап енемді өз анамдай сыйлаймын деп сөз бердім. Содан бері арамызда ешқандай кикілжің, реніш болған емес. Қарым-қатынасымыз өте жақсы», – деді ол.

Сонымен қатар, Мөлдір енесімен бірге тұрмайтынын да айтты. Тұрсынбек екеуі қалада тұратындықтан, енесі қара шаңырақта кенже ұлдың қолында қалған.

Әлеуметтік желі қолданушылары Мөлдірдің ой-өрісіне тәнті болып, оны даналығы мен сыйластығы үшін мақтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары