$ 549.15  643.88  6.71

«Тексерту керек»: Ерке Есмаханның ұлы Исламның денсаулығы оқырмандарын алаңдатып қойды

Өнер иесі ұлдарын көрсетіп, қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары балаларын тексерту керегін айтты. 

фото: @erke_esmahan
фото: @erke_esmahan

Танымал әнші Ерке Есмахан баласын кемсіткен оқырманына ашуланып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі ұлдарын көрсетіп, қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары балаларын тексерту керегін айтты. 

“Аяғын тексерту керек”, “Д3 дәрумені жетпейтіні көрініп тұр”, “Бұты қисық екен”, “Аяқ сүйектері қисайып кеткен бе?!”, – деп жазды көпшілік. 

Өнер иесі оқырмандарына ашуланып, баласының дені сау екенін жазды. 

“Сіздер айтқандай емес. Өзі “томпи-сомпи” болып тұр. Осы балаларды басынан-аяғына дейін тексертіп, әлпештеп, бағып отырмыз. Менің жетісіп, жетпейтін жерімді айтып, енді балаларыма көштіңдер ме?! Біреуінікі – түзу, екіншісінікі – қисық. Не істейміз, ал?! Адамдарға ұнау туралы ойламай, тыныштықта өмір сүруге болады”, – деп жазды Ерке Есмахан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары