Айдарбекова бұл шешімді өзінің шығармашылығына уақыт бөлу үшін жасағанын атап өтті.
Продюсер Гүлзира Айдарбекова енді әнші ұлы Қайрат Нұртастың продюсері емес екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айдарбекова бұл шешімді өзінің шығармашылығына уақыт бөлу үшін жасағанын атап өтті.
«Осы уақытқа дейін жүгіріп келдім. Енді ат тізгінін өз қолына беретін уақыт жетті. Жас емес. Арықарай өзі алып кетер. Өзінен кейін шәкірттер өсірсе де өзі біледі. «Қайтсем өсірем, қайтсем дамытам» деп қанша жыл жүгірдім. Енді өзіме уақыт арнағым келеді», - деді Г. Айдарбекова Revue News-қа берген сұхбатында.