08.10.2025, 11:20

«Әлемдегі ең әсем дауыс иесі»: Латын Америка Димашты дүркіретіп қарсы алды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Әуежайда Димашты күтіп алған халықта есеп болған жоқ. 

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі концертінен кейін Месикаға табан тіреді. Латын Америкада ол екі концерт өткізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әуежайда Димашты күтіп алған халықта есеп болған жоқ. 

«Латын Dears қауымына қош келдің, Димаш! Мексика – музыка елі, Луис Мигель, Кристиан Кастро сынды ұлы дауыстар шыққан мекен. Бұл елге әлемге танымал көп музыкант келеді, бірақ мен мұндай алып қошеметті көрмедім. Халық Димашты әнмен, сүйіспеншілікпен және ыстық ықыласпен қарсы алды. Ол мұны әбден лайықты түрде қабылдады.  Әлемдегі ең әсем дауыс иесі», - деп жазған латын америкалық жанкүйерлер.