"Ол кісі де өнер адамы, мені түсінуі керек".
Актриса Гүлбаушан Тілеубекова күйеуімен ажырасу себебін түсіндірді. Бұл туралы ол “Алғашқы” бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
”Мықты жігіт, зергер. Олар Шымкенттен болғандықтан салт-дәстүрлері өзгеше. Біз аз тұрдық. Қызым кішкентай болған кезде ажырастық. Енем маған «сен әртіс болма, мұғалім бол» деді. «Әке-шешем 7 жыл оқытты, қалай боламын? Мен сахнаға шығуым керек» дедім. Енем «сен шықпа, болмайды» деді. Ол кісі де өнер адамы, мені түсінуі керек. Былайша айтқанда, енем бізді ажыратты”, — деді актриса.