$ 539.56  627.35  6.84

«Кайфую»: Ерке Есмахан әлеуметтік желіден жоғалып кету себебін түсіндірді

"Күн сайын серуен".

Фото: erke_esmahan/Instagram
Фото: erke_esmahan/Instagram

Танымал әнші Ерке Есмахан соңғы уақытта әлеуметтік желілерде сирек көрінуінің себебін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесінің айтуынша, ол жай ғана өзінің ең сүйікті мезгілі - алтын күздің әр сәтінен ләззат алып жүр. Қазір ол отбасымен көбірек уақыт өткізіп, күйеуі мен балаларымен серуендейді. Сол себепті әлеуметтік желілерге уақыты жетпей жатқан көрінеді. 

«Инстасыз да кайфую», — деді әнші.

Жуырда үшінші рет ана атанған Ерке декреттегі өмірі жайлы да айтып өтті:

«Күн сайын серуен, түскі ас дайындаймын, сериал көремін, күйеуіммен әрлі-берлі жүреміз сол», — деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары