$ 538.63  622.23  6.71

Димаш Құдайберген Мехикода бүлдіршіннің тұсауын кесті (ВИДЕО)

Әнші бір жасар Халид Йылдыздың тұсауын кесіп, балаға ақ батасын берген.

Фото: СІМ
Фото: СІМ

Әлемге әйгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген Мехикодағы елшілікке барып, қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, кездесу кезінде Димаш Құдайберген Қазақстан елшісі Алмұрат Тұрғанбековпен бірге тоғызқұмалақ ойнаған.

Сондай-ақ, бір жасар Халид Йылдыздың тұсауын кесіп, балаға ақ батасын берген.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген жуырда Мехикоға барып, 25 мыңнан астам көрерменге концерт берген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары