Жастар арасында кең танымал әнші және сазгер Қазыбек Құрайыш түсірілім барысында күтпеген қиындыққа тап болғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесінің айтуынша, клипке жұмсалған 12 миллион теңге мен екі айлық еңбек зая кеткен.
«12 млн тг кетті. Мәселе ақшада да емес, біраз еңбек пен 2 ай уақыт сарп еттік. Соңында 50% материал күйіп, клиптың сюжетін толық жоғалтып алдық. Ең керекті моменттерінен кадрларымыз жоқ», — деп жазды Қазыбек әлеуметтік желіде.
Әнші басты рөлді сомдаған актерлер мен командасына алғыс айтып, жағдайды сабырмен қабылдағанын жеткізді.
«Өз басым жүректен жіберіп тастадым. Әніміз 24 қазанда барлық платформаларда жарық көреді. Бірақ клипсіз бе, әлде сол күйі салып жіберейін бе?» — деп оқырмандарынан кеңес сұрады.