$ 538.53  623.94  6.59

«Келінім екеумізде екі асхана»: Сәкен Майғазиевтің әйелі келінімен 1 қазанды қалай бөлісіп жүргенін айтты (ВИДЕО)

Бір үйде екі ас бөлмесі болғаны да мақтаныш па?"

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Қазақ эстардасының жарық жұлдызы Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева әлеуметтік желіде келін болып түскен кезіндегі қызық оқиғасымен бөлісіп, көпшілікті күлдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сәкен Майғазиевтің жары алғаш келін боп түскен кездегі қызықты естелігін айтып, оқырмандарды күлдірді. Айтуынша, ол кезде ас үйде тәжірибесі аз болған жас келін бір күні қызып тұрған майға ет салып жібергенде, майдың қатты атылған даусынан қонақтардың қолындағы кесе түсіп кеткен. Сол сәтте бәрі абдырап қалғанымен, кейін бұл оқиға отбасы арасында ең қызықты естеліктердің біріне айналған.

Сондай-ақ, ол келін алған соң, асханада жағаласып жүрмейін деп, тамақ жасағысы келгенде жазғы ас үйіне барып, дәмді тамақтар әзірлейтінін айтады.

«Келінмен жағаласып жүргенді құп көрмеймін, өзінің ойлағаны бар шығар, басқаша тағамдар әзірлегісі келетін болар, сол себепті, тамақты бөлек асханада әзірлегенді жөн көремін», дейді ол.

Көпшілік мұны құп көрсе, енді бірі келін алған соң тыныш отырмай ма деп пікір білдіруде.

"Қойындаршы. Сендер ғаңа тамақ істеп, сеңдер ғаңа қонақ күтесіндер ме?", "Отырмай ма тып-тыныш шалының қасында жас келинге обалго не туда не сюда журеди", "Бір үйде екі ас бөлмесі болғаны да мақтаныш па?", деп жазды көпшілік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары