Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше этно-мәдени орталықтың өкіліне "Ел бірлігі" орденін табыстаса, мәдениет саласына еңбегі сіңген адамдарға "Қазақстанның халық әртісі" атағын берді.
Бүгін Ақордада Республика күніне орай салтанатты жиын өткізген президент Қасым-Жомарт Тоқаев әртүрлі саланың адамдарын әртүрлі деңгейдегі ордендермен марапаттап, бірқатарына жаңа атақ берді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше этно-мәдени орталықтың өкіліне "Ел бірлігі" орденін табыстаса, мәдениет саласына еңбегі сіңген адамдарға "Қазақстанның халық әртісі" атағын берді.
"Мәдениет – ұлттың рухани дербестігінің кепілі. Сондықтан біз өмірін өнер жолына арнаған қайраткерлерге әрдайым құрметпен қараймыз. Руханиятымызға ерекше еңбек сіңіргені үшін белгілі өнер майталмандары – Болат Әбділманов, Тамараасар Жанқұл, Шынар Жанысбекова "Қазақстанның халық әртісі" атағына лайық деп танылды", – деп мәлімдеді Тоқаев.
Соннымен бірге мәдениет саласын дамытуға зор үлес қосқаны үшін Нина Жмеренецкая, Бақыт Қажыбаев, Зарина Алтынбаева және Әйгерім Алтынбек "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағына ие болды.