Өнер иесінің сөзінше ол жақында ғана қоныс аударған.
Танымал әнші Дильназ Ахмадиева өзінің жаңа зәулім үйін көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесінің сөзінше ол жақында ғана қоныс аударған.
"Ақыры мен жаңа үйіме көшіп келдім!
Көп жылдан бері армандаған үйім — енді менің жайлы, сәнді әрі өзіме соншалықты жақын мекенім. Біз үйге арналған румтурды түсіріп те қойдық, және мен сіздерге өзімнің мақтанышым — гардеробымды міндетті түрде көрсетемін. Онда менің барлық концерттік киімдерім, клиптер мен сахналық образдарым жиналған. Бұл — әр қыздың арманы дер едім", -деп жазды әнші.
Оқырмандары Дильназды жаңа қонысымен құттықтап, тілектерін жаудырды.